Accessibility links

Ауғанстан: НАТО-ға қосымша 40 мың әскер керек


Ағылшын армиясының жаңа қолбасшысы Ауғанстандағы әскердің қатарын ұлғайту жоспарын қолдады.
Генерал Дэвид Ричардстың сөзіне қарағанда, егер НАТО қантөгіс толастамаған Ауғанстандағы ахуалды қалпына түсіре алмаса, онда Батыс елдері «орасан зор» қатерге тап болады.
Халықаралық коалиция осы елде жеңіліс тапса, ол бүкіл әлемде әрекет етіп жүрген ислам экстремистерін «рухтандырады».
Ауғанстандағы халықаралық күштердің бас қолбасшысы, АҚШ генералы Стэнли Мак-Кристэл осы елге 40 мың адамға жететін қосымша әскер жіберілуін талап етеді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG