Accessibility links

Ақ үй Иран банктеріне санкция қоюға шақырады


АҚШ әлем қауымдастығын өзінен үлгі алып, Иран банктеріне қарсы санкция қолдануға шақырды. Халықаралық валюта қорының Стамбулдағы саммитінде АҚШ-тың қаржы министрі Тимоти Гейтнер мәлімдегендей, халықаралық терроризмді Иранның әрі қарай қаржыландыруына бөгет қою үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру керек.
Ресми Вашингтон Теһран астыртын түрде ядролық қару жасап алуды көздейді және бірқатар террористік ұйымды, оның ішінде шийттердің «Хезболлаһ» және Палестинадағы тағы бірқатар топты қаржылай қолдап отыр деп күдіктенеді. АҚШ оларды террористік ұйымдардың қатарына қосқан.
XS
SM
MD
LG