Accessibility links

Халықаралық ұйым Беларустегі өлім жазасына наразылық танытты


Бетіне қара маска тағып, мойындарына жіп байлаған белсенділер Мәскеудегі Беларусь елшілігі алында Беларустегі өлім жазасына наразылық танытты. Беларусь Еуропа елдері арасында өлім жазасын қолданатын жалғыз мемлекет.

Бейсенбі күнгі наразылық шарасына ондаған адам қатысты. Оны Amnesty International ұйымы ұйымдастырды.

Бұдан бірнеше күн бұрын Беларусь Жоғарғы соты 6 әйелді өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген азаматтың апелляциялық шағымын қабылдамады.

Amnesty International Беларусь президенті Александр Лукашенконы әлгі азаматтың өмірін сақтап қалуға шақырды.
XS
SM
MD
LG