Accessibility links

Президент Бакиев Қазақстандағы әскери жаттығуға қатысады


Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Қазақстанға келеді. Келесі күні Жамбыл облысындағы Матыбұлақ полигонындағы ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерінің “Өзара әрекет-2009” кешенді оқу-жаттығуларына қатысады.

Хабарларға қарағанда, оқу-жаттығулар барысында ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымына мүше елдердің басшылары өзара әрекетті танытатын бірқатар техникалық көріністерден үзінді көрсетеді.

Бұл шараға сондай-ақ Ресей премьер-министрі Владимир Путин де қатысады.

Әскери оқу-жаттығулар 16 қазанда Жамбыл облысы Гвардейский қалашығының Матыбұлақ полигонында өтеді.
XS
SM
MD
LG