Accessibility links

Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдары Шымкент пен Таразда байқалған


Ауғанстанда болған жер сілкінісінің салдарынан Шымкент пен Таразда да жер асты дүмпуі сезілді, — деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмология институты.

Институттың мәліметі бойынша, Шымкент пен Таразда «MSK-64» бағанымен 2 балдық жер асты дүмпуі байқалған. Құрбан болғандар жоқ деп хабарланды.

23-қазан күні Ауғанстанның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,2 балдық, энергетикалық класы К=15,0 болатын жер сілкінісі орын алған.

АҚШ Геологиялық қызметінің ақпаратынша, жер сілкінісінің эпицентрі елдің Пәкістанмен шекарасына жақын Файзабад қаласынан оңтүстікке қарай 77 шақырым жерде болған. Ал Кабулда байқалған осы дүмпудің салдарынан қаланың кей жерлері жарықсыз қалған.
XS
SM
MD
LG