Accessibility links

Меркель Германияда салықтарды қысқартпақ


Германия канцлері Ангела Меркелдің мәлімдеуінше, биліктегі оның жаңа коалициясы қаңтардың 1-нен бастап салықтарды қысқартуды жоспарлауда. Меркель сондай-ақ Волфганг Шаублені Германияның қаржы министрі етіп тағайындады.

Сенбі күні Берлинде сөйлеген сөзінде Меркель салық жүйесін реформалау қажет деп атап көрсетті. Оның алдында канцлер Азат демократтар партиясымен әріптестікте құрылған жаңа коалициялық үкіметті жариялады.
XS
SM
MD
LG