Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ-тың тағы 4 жауынгері мерт болды


Дүйсенбі күні таңертең Ауғанстанның оңтүстігінде АҚШ-тың 2 тікұшағы қақтығысып қалып, одан 4 жауынгер қаза болды, тағы 2 жараланды. Армия басшылығы тікұшақтарды жерден атып түсіруі мүмкін деген жорамалды теріске шығарды.

Ауғанстанның батысында халықаралық күштердің тәліптерге қарсы соғыс операциясы барысында 1 тікұшақ атып құлатылды. Әскерилердің қазасы туралы хабар жоқ. Бірақ бірнеше тәліптің көзі жойылғаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG