Accessibility links

Қазақстан шетке шығарылатын ақшаға салық декларациясын алып тастамақ


ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Бас прокуратураның Қазақстан шекарасынан шығарылатын ақшаның заңдылығын растау үшін салық декларациясын көрсету туралы талаптардың күшін жою туралы ұсынысын қолдады, —деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар өзімен бірге он мың АҚШ долларынан астам көлемде ақша алып шығатын кезде аталған құжатты көрсету талап етіледі. Бас прокуратура мемлекеттен шет елге шығу барысында валютаны бақылаудың әлемдік тәсіліне сәйкес келетін ақшаны кедендік декларациялау жеткілікті деп есептейді, —делінген баспасөз хабарламасында.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG