Accessibility links

Пәкістанда базардағы жарылыстан 10 кісі қаза тапты


Пәкістанның солтүстік-батысында жанкештінің шабуылынан 10 адам қаза тапты. Жарылыс Пешавардың оңтүстігіндегі Адази ауданында орын алды.

Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, жанпидашының шабуылы осы жерде ауыр жарақаттан қаза тапқан жергілікті әкім Абдул Маликті нысанаға алған болуы мүмкін. Пешавардың әкімшілік өкілі Сахибзада Анистің айтуынша:

«Бұл жанкештішілік шабуыл болды. Жергілікті әкім Абдул Малик нысанаға алынды. Өзіңіз білетіндей, біздің жергілікті әкім қаскүнемдерге қарсы жұмыс істеп, полиция және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта өте белсенді болып жүрген».

Соңғы бірнеше аптада Пәкістанның бірқатар аймағында бүлікшілер шабуылынан 300-дей бейбіт тұрғын мен қауіпсіздік күштері құрбан болды.
XS
SM
MD
LG