Accessibility links

Қазақстан бітік шыққан астықтың мәселесін шеше алмауда


Осылай деп хабарлайды КТК телеарнасы. Себебі әлі күнге 650 мың тонна астық ашық аспан астында жатса, «Азық-түлік келісім шарт» корпорациясы диқандардың астығын сатып алуды бастағанына 2 айдан асқанымен, мемлекеттік қорға бүгінге дейін алынған бидай көлемі 1 млн тоннадан енді ғана асқан.

Парламенттегі депутаттардың алдында есеп берген , ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, ішкі нарықтағы сұранысты арттыру үшін Үкімет мемлекеттік қорға 5 млн. тонна астық сатып алуға қаражат бөлген. Оның 3 миллионы осы айдың соңына дейін сатып алынбақ. Алайда қазір шіріп кету қаупі тек бидайға ғана төніп тұрған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG