Accessibility links

Жапония Ауғанстанды қайта құруға 5 млд доллар бермекші


Жапонияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Жапония алдағы бес жылға Ауғанстанды қайта құруға көмек ретінде 5 млд доллар беруді жоспарлап отыр.

Сейсенбі күні таратылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында, бұл қаражат тікелей ауған күштерін құруға, ауылшаруашылық және басқа да салалардың инфрақұрылым жобаларына салынады делінген.

Жапонияның бұл мәлімдемесі АҚШ президенті Барак Обама жұма күні Токиоға барып, сенбіде премьер-министр Юкио Хатоямамен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған тұста айтылды.

Жапония үкіметі қазіргі таңда Ауғанстандағы АҚШ бастаған күштерге қолдау ретінде Үндістан мұхитында жанармай құю миссиясын орындап келеді, бірақ ол миссия қаңтар айында аяқталады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG