Accessibility links

Обама мен Медведев Иранға ескерту жасады


АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге тырысып жатқан әлем үшін уақыт аяқталуда. Бұл туралы Обама жексенбі күні Сингапурда Ресей президенті Дмитрий Медведевпен өткізген келіссөздерінен кейін мәлімдеді.

Медведевтің айтуынша, Иранмен арадағы келіссөздердің қарқынымен Ресей де қанағаттанбай отыр. Егер бұл келіссөздерден нәтиже болмаса, басқа да әдістер қолданылады деп атап көрсетті Медведев.

Бұл екі арада, Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Алладин Боружерди егер Ресей уәде етілген S-300 жүйесін жеткізбесе, Иран таяу арада жетілдірілген зымыраннан қорғаныс жүйесін жасай алады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG