Accessibility links

Уго Чавес әйгілі террористі қорғап шықты


Венесуэла президенті Уго Чавес өмірінің ақырына дейін француз түрмесінде жазасын өтеп жатқан әйгілі халықаралық террорист Карлос Шакалға араша түсті. Венесуэлада туған және нағыз аты-жөні Ильич Рамирес Санчес деп аталатын Карлосты президент Чавес Палестина халқының құқы үшін күрескен «төңкерісші» деп атады.
«Еуропада ол туралы не демесін, оның еш маңызы жоқ, ал мен оны қорғаймын», -деп мәлімдеді жұма күні сөйлеген сөзінде Венесуэла президенті.
Сонымен қатар Уго Чавес әділетсіздікпен «нашар жігіттер» деп есептелетін тағы бірқатар белгілі елбасын, оның ішінде Зимбабве мен Иранның қазіргі президенттерін қолдауға әзір екенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG