Accessibility links

Баяндама: АҚШ күштері Бин Ладенді қолға түсіру мүмкіндігінен айырылған


Сенаттың сыртқы қатынастар жөніндегі комитетінің мәлімдеуінше, егер көбірек сарбаз болғанда АҚШ әскерилерінің Осама бин Ладенді 2001 жылы тұтқындауына немесе өлтіруіне мүмкіндік бар еді. Комитеттің баяндамасына қарағанда, АҚШ қолбасшылары Тора Бора аймағындағы операцияны бастау үшін көбірек әскер жіберу керек деген өтінішті жоққа шығарып, оның орнына әуе шабуылдары мен операцияларда ауған милициясының жетекшілігін және Пәкістан шекарашыларының көмегін таңдаған.

Бұл баяндамада әсіресе бұрынғы қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд пен оның жоғары лауазымды әскери қолбасшысы болған отставкадағы генерал Томми Франкс сынға алынған.
XS
SM
MD
LG