Accessibility links

ҰҚК Жәкішевті интернетке шыққан видеосына қатысты тергеді


Қамауда отырған Қазатомпром компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев youtube сайтында жарияланған видеосұхбатына қатысты тергеуге алынған деп ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Жәкішевтен жауап алған ҰҚК-нің ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оның интернетке шығып кеткен әңгімесі кіммен болғаны және ол сұхбаттың интернетке жарияланып кету фактісін білуге тырысқан. Бұл туралы Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев хабарлаған.

Адвокаттың айтуынша, Мұхтар Жәкішевтің өзіне ол видео жазбаның әлемдік сайтта жариялануы күтпеген жағдай болған.

Басқа біреулердің Қазатомпром маңайындағы жағдайды айтып беруді сұраған сұхбатының мақсаты басқа болған және ол жазылып алынатыны туралы Жәкішевке ескертілген. Бірақ оны интернетке шығаруға ол келісім бермеген дейді Нұрлан Бейсекеев.

Және Жәкішев шілде айында өзінің пікірін жазып алған адамдардың кімдер екенін адвокатына айтпаған. Бірақ ҰҚК-нің тергеушілеріне ол ақпарат жоғары лауазымды арнайы қызметкерлерден шыққаны туралы түсінік берген.

Қазатомпром ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев «мемлекет мүлкін талан-таражға салды» деген күдікпен биылғы 21 мамырда тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалған.
XS
SM
MD
LG