Accessibility links

ЕҚЫҰ Қазақстанның адам құқы жағдайын сынады


ЕҚЫҰ-ның ресми өкілі Қазақстандағы адам құқы жағдайының нашар көрсеткіші оның ұйымға алдағы төрағалығына өзіндік салдарын тигізеді деп мәлімдеді.

Бұл туралы Афиныдағы ЕҚЫҰ-ы сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ұйымның Адам құқықтары мен демократиялық институттар кеңсесінің директоры Янез Ленарчич айтып отыр.

Оның айтуынша, Қазақстан демократиясы даму деңгейіндегі ел, сондықтан оның ұйымға төрағалығы оны дұрыс бағытқа салады.

Грекия астанасындағы ЕҚЫҰ-ы сыртқы істер министрлерінің жиынына Қазақстан тарапынан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қатысуда. Қазақстан ЕҚЫҰ-на 2010 жылға төрағалықты алады.
XS
SM
MD
LG