Accessibility links

Қазақстан астығы Оңтүстік-Шығыс Азияға тасылады


Қытай өз аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға үш миллион тонна қазақстандық астықты тасымалдауға келісімін берді деп хабарлады Қазақстанның бірінші вице-премьері Өмірзақ Шүкеев.

Дүйсенбі күні Астанада үкіметтің селекторлық жиналысында Шүкеев көлік және коммуникация министрлігіне Қытай бағытындағы теміржол құрылысын тездетуді тапсырды.

Биыл Қазақстан 20 миллион тонна таза астық жинады. Соның жартысына жуығы биылғы сауда жылы экспортқа шығарылады деп жоспарланған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG