Accessibility links

Қалеева: Қазақстанда сөз бостандығы нашарлап барады


"Әділ сөз" қоры Қазақстанда сөз бостандығы жағдайы нашарлап барады деп мәлімдеп, бірақ келесі жылы Астана Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болған кезде елдегі сөз бостандығы жағдайы жақсарады деп үміттенетінін хабарлады.

Сәрсенбі күні Алматыда баспасөз маслихатын өткізген қор жетекшісі Тамара Қалеева бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заңнама халықаралық стандарттарға сай келмейді деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ келесі жылы елдегі сотталған журналистердің ақталатындығына немесе оларға ең болмағанда рахымшылық жасалатындығына үміт білдірді.
XS
SM
MD
LG