Accessibility links

Климат келіссөздерінің президенті ауысты


Дания премьер-министрі Ларс Лоекке Расмуссен Копенгагендегі халықаралық ауа-райы келіссөздеріне президенттікті алды.

Ол сәрсенбі күні осы қызметтен кеткен Конни Хедегардтың орнына келіп отыр. Хедегардтың төрағалықтан неге кеткені белгісіз қалып отыр, бірақ ол оны процедуралық шара деген.

БҰҰ-ның қолдауымен Копенгагенде өтіп жатқан келіссөздер газ эмиссиясын азайту мен ғаламдық жылынудың зардаптарын жою үшін кедей елдерге қаржылай көмек беру мәселесінде тығырыққа тірелді.

Сәрсенбі күні саммит жұмысында алғабасу болмай жатқанына наразылық танытқан жүздеген шерушіге даниялық полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газ қолданып тарқатты. Полиция 100 шақты шерушіні ұстаған.
XS
SM
MD
LG