Accessibility links

Иранда ықпалды оппозициялық діни қайраткер қайтыс болды


Иранның оппозициялық діни қайраткері аятолла Хоссейн Монтазери қайтыс болды

Хабарларға қарағанда, ол ұйықтап жатып өмірден өткен.

Ол бірнеше рет қазіргі Иран билігін исламның атын жамылып елде диктатура орнатты деп айыптаған.

1979 жылы Ислам Төңкерісін жасаған Монтазери Ислам республикасының негізін қалаған аятолла Рухолла Хомейнидің орнын басуы керек болған.

Бірақ 1989 жылы Хомейни қайтыс болар алдында, Монтазери бес жылдай үйқамаққа алынып, оның орнына елдің рухани жетекшісі болып аятолла Али Хаменеи келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG