Accessibility links

Назарбаев: Баспасөз білім, салауатты өмір салтын насихаттауы керек


Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары жұртқа келешектерін өздері қамтамасыз ету керектігін жеткізіп, білім құндылықтары мен салауатты өмір салтын ұстану, әділ және бастамашыл кәсіп құру қажеттігін насихаттауы керек.
Мұндай мәлімдемені Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы республикалық ақпарат өкілдерімен кездесуінде айтты деп президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу кезінде соңғы кезде қоғамда жиі көтерілген мемлекеттік тіл мәселесі, жер қатынастарына қатысты жайттар мен ел бірлігі доктринасы және бірыңғай кедендік одақ мәселесі туралы көтерілді деп ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Президент Назарбаев "жер сатылмайды, ол біздің заңымызда белгіленген. Алайда Қазақстан азаматтарына ауылшаруашылық жұмыстары үшін жер жалға беріледі" деді.

Мемлекет басшысының қазақстандық журналистермен кездесуі “Егемен Қазақстан” газетінің жаңа ғимаратында өткен. Аталмыш мемлекеттік басылым 90 жылдығын атап өтуде.

Қазақстан президенті ақпарат құралдарында мемлекеттің дағдарысқа қарсы шаралары көбірек жазылуы керек деді. Оның пікірінше, ғаламдық дағдарыстың ықпалына қарамастан, Қазақстан 2009 жылды сәтті аяқтап жатыр.
XS
SM
MD
LG