Accessibility links

АҚШ пен Британия Пәкістандағы 90 адамның өмірін қиған шабуылды айыптады


Құрама Штаттар мен Ұлыбритания жұма күні Пәкістанда болған террорлық шабуылды айыптаған мәлімдеме таратты. Ол шабуылда 90-ға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өз мәлімдемесінде, Құрама Штаттар экстремизммен күрес пен демократияны күшейтуде Пәкістан халқын қолдай береді деді.

Британияның сыртқы істер министрі Пәкістандағы шабуылды “адам шошырлық” деп атап, бұл жағдай әлемдік қауымдастық тарапынан экстремизмге қарсы пәрменді күрестің қажеттілігін тағы да көрсетіп отыр деді.

Қаңтардың 1-і күні Лакки Марват қаласында өтіп жатқан волейбол жарысы кезінде бір жанкешті қуатты жарылыс жасады. Бұл Пәкістандағы 120 адамның өмірін қиған Пешавардағы жарылыстан кейінгі екінші үлкен террорлық шабуыл болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG