Accessibility links

Иран толқулар тұсында бірнеше шетелдікті тұтқындадық дейді


Теһранда өткен айда оппозиция қолдаушылары мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыстар барысында бірнеше шетелдік азамат ұсталғандығы жөнінді мемлекеттік теледидардан сөйлеген сөзінде ақпарат-барлау министрі Хейдар Мосли мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдік азаматтар Иранға 27 желтоқсандағы Ашура діни мейрамынан екі күн бұрын кіріп, билік жүйесіне қарсы психологиялық күрес шараларын жүргізген.

Дегенмен де министр шетелдіктердің қай мемлекеттің адамдары екенін айтқан жоқ.


Оппозиция қолдаушылары мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстар кезінде кемінде сегіз адам қаза тауып, жүздеген кісі тұтқындалған болатын.

XS
SM
MD
LG