Accessibility links

Жаңадан түркмен-иран газ құбыры ашылды


Бүгін Ашхабадта сапармен жүрген Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов екі елдің арасындағы жаңа газ құбырының ашылу салтанатына қатысты.

30,5 шақырымдық Довлетабат-Сарахс-Хангиран құбыржолы Түркменстаннан Иранға тасымалданатын газ көлемін екі еседен асырады. Ахмадинежад Түркменстан астанасына сейсенбі күні барған еді.

Иран президентінің сапары тағы бір ортаазиялық ел - Тәжікстанда басталған болатын. Душанбеде ол аймақтық және экономикалық мәселелерді талқылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG