Accessibility links

Таиландта ұсталған ұшқыштарға жаңа айыптар тағылды


Таиланд билігі өткен жылы желтоқсанда Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағының экипажына жаңа айыптар тақты деп хабарлады «Бангкок пост» газеті. Қазақстанның төрт және Белорусияның бір азаматына қаруды заңсыз алып жүру, Таиландқа қаруды заңсыз кіргізу және ұшақ бортындағы жүк туралы билікке хабардар етпеу туралы айыптар тағылды.

Бұған дейін экипаж мүшелеріне қаруды заңсыз сақтаған және жүктің сипаты туралы жалған мәлімет берген деген айыптар тағылған болатын.

Бангкок түрмесіндегі Ил-76 ұшқыштары өздеріне тағылған бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Таиланд соты оларды қамауда ұстау мерзімін 18 қаңтарға дейін созды. Ұшақтың иесі және қаруды жеткізу нысаны әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG