Accessibility links

Токио Үнді мұхитындағы миссиясын аяқтайды


Жұма күні Жапония Ауғанстандағы халықаралық коалицияның әскерлерін қамтамасыз ететін Үнді мұхитындағы 8 жылдық операциясын аяқтайды.

Күншығыс елінің 2009 жылдың қыркүйек айында жасақталған жаңа үкіметі АҚШ-пен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасында әлдеқайда дербес саясатты басшылыққа алып, Үнді мұхитындағы міндетінің мерзімін ұзартудан бас тартты.

Ресми Токио Ауғанстандағы әскери көмекке қарағанда, қайырымдылық көмегін көбірек көрсету қажеттігін айтады. Күншығыс елінің үкіметі алдағы 5 жылда Ауғанстанға 5 миллиард долларға жуық қаржының көмегін бөлмекші.
XS
SM
MD
LG