Accessibility links

Иранда тыңшылық жасады деген француз әйелдің соты аяқталады


Бүгін Иран астанасында тыңшылық жасады деген айып тағылған француз әйелдің соты аяқталады деп күтіліп отыр.

Францияның мұғалімі Клотильде Рейске маусым айындағы президенттік сайлау қортындысына наразылық танытқан шерулерді ұйымдастырды әрі Батыстың астыртын әрекетімен елді тұрақсыздандырды деп айыпталып отыр.

Бұл сот ісі Иран мен Францияның арасында кикілжің тудырып отыр. 24 жасар Рейсс кепіл ақшамен босатылған. Оған сот үкімі Теһрандағы Франция елшілігінде оқылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG