Accessibility links

Қытай: Интернетке қатысты АҚШ айыптауларына негіз жоқ


Қытайдың мәлімдеуінше, даулы интернет шектеулеріне қатысты АҚШ-тың сынауы екі ел арасындағы қарым-қатынастарға әсер етуі мүмкін.

Бейсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон интернет бостандығына байланысты мәлімдемесінде Қытайды компьютерлік шабуылдарды зерттеп, оның нәтижесін жариялауға шақырды. Интернет-қызметінің ірі провайдері Google компаниясы Қытайдағы жұмысын тоқтатуы мүмкін екендігін ескерткен болатын. Компания өзінің мұндай қадамын Қытайдағы адам құқығын қорғаушылардың электрондық поштасын бұзу әрекетімен байланыстырады. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мұндай айыптауларға негіз жоқ және ол АҚШ-Қытай қарым-қатынастарына зиян келтіруі мүмкін деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG