Accessibility links

Associated Press: ИЛ-76 ұшағындағы қару Шымкент компаниясына тиесілі болған


Associated Press ақпарат агенттігі Таиланд астанасында ұсталған ИЛ-76 ұшағындағы қару-жарақ шымкенттік компанияға тиесілі жүк деген өз тергеу қорытындысын жариялады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Тергеу құжаттарында 12-ші желтоқсанда Бангкокта ұсталып, Солтүстік Кореядан Иранға қару тасып бара жатыр деп күдіктелген ұшақ Қазақстан аумағындағы әуе жүктерін тасымалдау жөніндегі кішігірім компанияның меншігі екенін көрсетті делінген.

Ақпарат агенттігі бұл ұшақ экипажы өздерінің ұшақтағы 35 тонна қару-жараққа еш қатыстары жоқ екенін айтып отыр дей келе, алайда қамалған ұшқыштардың отбасы мүшелері ұсталған ұшақ әуе жүктерін тасымалдаумен айналысатын шымкенттік Александр Зыковтың «East Wing» компаниясына жұмыс істегенін айтқан. Ал Зыков ұшақ Бангкокта ұсталған кезде ол ұшақ өзіне жұмыс істемегенін, ұшқыштар екі апталық ақысыз демалыс алғанын алға тартып, ұшаққа тапсырыс берушіні өздеріңіз табыңыздар деген ақпарат агенттігіне.

Сонымен қатар Таиландқа жанар май құю үшін тоқтағанда ұсталған ұшақтың ендігі қонар жері Теһрандағы Мехрабад әуежайы болған. Ұшақтың жүк декларациясында аталған жүк мұнай өңдеу саласына қажетті қосымша бөліктер делінген.

Ұшақ бортында болған ұшқыштардың 4-і қазақстандық, олар бүгінгі таңда Таиланд абақтысында тергеу амалдарын күтіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG