Accessibility links

Германия Ауғанстандағы әскерін күшейтпекші


Германия өзінің Ауғанстанның солтүстігіндегі әскери күштерінің белсенділігін арттырып, ауғандық жасақтарды жаттығудан өткізуді қолға алмақшы.

Германия канцлері Ангела Меркель ауған халқы үшін талибандардан қорғану қажет, сол үшін жергілікті қауіпсіздік күштерін жаттықтырып, елді қайта құру шараларын қолға алу керек деген. Ол сондай-ақ біз өз әскери миссиямызды негізінен қауіпсіздік күштерін жаттықтыруға аудармақшымыз деп айтты.

Меркелдің бұл айтқандары Германия Ауғанстанға көбірек әскер жолдай ма деген сауал тараған тұста канцлердің видео жазбасы арқылы таратылды.
XS
SM
MD
LG