Accessibility links

Бұрынғы қырғыз министрінің анасы аштық акциясына қосылды


Қырғызстанда түрмеге жабылған бұрынғы қорғаныс министрінің 85 жастағы анасы Анипа Маматисаева аштық акциясына қосылды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Бұрынғы министр Исмаил Исаковты қолдап, аштық акциясын жалғастырып жатқандардың саны 16-ға жетті. Олар Исаковтың босатылуын талап етуде.

Қаңтардың 11-де Исаков жемқорлықта айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Исаковқа тағылған айыптардың саяси астары бар дейді оның қолдаушылары.
XS
SM
MD
LG