Accessibility links

Обама: АҚШ әскері Ирақтан биыл тамызда шығарылады


Американдық әскер Ирақтан 2010 жылы тамызда шығарылады деп мәлімдеді АҚШ президенті Барак Обама.

Конгресте баяндама жасаған Обама экономикалық проблемаларға, атап айтқанда елдегі он пайыз деңгейіндегі жұмыссыздықпен күреске, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын реформалауға тоқталып өтті.

Обаманың баяндамасында халықаралық қатынастарға ерекше мән берілді. АҚШ президенті Иран билігін ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерден бас тартудың салдары жақсылыққа апармайды деп ескертті.

Сонымен бірге, Обама АҚШ басқаруындағы халықаралық коалицияның Ауғанстанда қиыншылықтары болатындығын, бірақ оның жеңіске жететіндігіне күмәні жоқтығын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG