Accessibility links

АҚШ сенаты Иранға қарсы санкцияларды күшейтті


АҚШ сенаты Иранға қарсы санкцияларды күшейтуді қарастыратын заң жобасын қабылдады. Құжат АҚШ президентіне ел аумағында жұмыс істейтін Иранға жанармай импорттаушы және иран энергетикасына инвестиция салушы компаниялардың құзіретін шектеуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін өкілдер палатасы заң жобасының басқа бір нұсқасын қабылдады. Бұл құжат екі палатаның нұсқаларындағы қарама-қайшылықтар реттелген соң күшіне еді.

АҚШ ядролық бағдарламасынан тас тартқызу үшін Иранға қысым жасауға тырысып келеді. Жақын уақыттары АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа санкциялар туралы ұсыныстарын береді деп жоспарланған. Әзірге Вашингтон бұл жағынан Бейжіңнің қолдауына ие бола алмай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG