Accessibility links

Янукович жақтастары сайлау комиссиясы маңына жиналды


Украинада Аймақтар партиясының басшысы Виктор Януковичтің мыңдаған жақтастары орталық сайлау комиссиясы ғимаратының алдындағы алаңға митинг-концертке жиналды. Акция «Янукович – біздің президент» ұранымен өтіп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бюллетендердің 93 пайызы есептелгеннен кейінгі нәтиже бойынша, Янукович 48 пайыздан астам, Тимошенко 46 пайызға жуық дауыс жинады, екі үкіметкер арасындағы дауыс санының алшақтығы 2,46 пайыз болды.

Сайлаушылардың 4 жарым пайызы екі үміткерге қарсы дауыс берген. Сайлауға дауыс берушілердің 69 пайызы қатысты.

Янукович Киевте өткізген баспасөз конференциясында сайлауда өзінің дауысқа жеткендігін мәлімдеп үлгерді. Тимошенконың штабындағылар қосымша санақ жүргізгендігін, ол бойынша екі үміткер теңдей дауыс жинағандығын мәлімдеді.

Бұған дейін Тимошенко сайлауда «заң бұзушылықтар» тіркелген жағдайда, өзінің жақтастарын жаппай наразылық акциясына шақыратындығын жариялады. Украинаның орталық сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде жаппай заң бұзушылықтар болған жоқ деп хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG