Accessibility links

Тимошенко Януковичті сайлаудың жеңімпазы деп мойындамайды


Украинадағы президент сайлауында жеңіске жеткендігі туралы мәлімдеген Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Януковичтің сөзін оның осы сайлаудағы бақталасы премьер-министр Юлия Тимошенко мойындамай отыр.

Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, премьер-министр бұл туралы дүйсенбі күні кешке Юлия Тимошенко Блогының парламенттік фракциясының кеңесінде мәлімдеген. Тимошенко сот арқылы сайлаудың қортындысын жоққа шығаруды көздеп отыр.

Украинаның орталық сайлау комитеті бюллетендердің 99 пайызы саналғаннан соң, Виктор Янукович Юлия Тимошенкодан үш пайыздан аса көп дауыс жинағандығын айтты. Сайлаудың толыққанды алдын ала нәтижесі бүгін жарияланады деп күтілуде.

Юлия Тимошенконың жақтастары сайлау барысы бұрмаланған деп отыр. Ал халықаралық бақылаушылар сайлау барысында айтарлықтай заңбұзушылықтар болған жоқ дейді.
XS
SM
MD
LG