Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 14 адам қаза болды


Пәкістан билігі бейсенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Банну қаласында тіркелген екі жарылыстан кем дегенде 14 адам қаза болып, 30-дан астам кісі жараланғандығын хабарлады.

Қала әкімшілігі басшысының айтуынша, жанкештілер жергілікті полиция дайындау орталығына шабуылдаған. Қаза болғандардың тоғызы полиция қызметкері, қалған бесеуі – бейбіт тұрғындар. Қалада коменданттық сағат енгізілді.

Банну қаласы «Әл-Қаида» содырлары және тәліб бүлікшілері көп шоғырланған Солтүстік Вазаристан таулы ауданында орналасқан.
XS
SM
MD
LG