Accessibility links

ЕуроОдақтың сыртқы істер министрі Боснияға барады


Бүгін Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон Боснияға барады. Бұл аймаққа болатын екі күндік сапарында Эштон Сербия мен Косовоға да бармақшы.

Эштонның сапары сәрсенбі күні Косово Сербиядан тәуелсіздігін жариялағанына екі жыл толғанын атап өткен соң болайын деп отыр. 27 мүшесі бар Еуропа Одағының бес елі оның ішінде одаққа қазіргі төрағалықты алып отырған Испания Косовоның тәуелсіздігін әзірге мойындаған жоқ.

Косовоға сапарының алдында Эштон бұл елдегі заңның орындалуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі прогрестер жайлы талқылайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG