Accessibility links

Медеу соты барлық баспаханаларды «Республика» газетін басып шығаруға арналған қаржыны сот әкімшілігіне аударуды міндеттеді


«Республика – деловое обозрение. Дубль 2» газетінен баспаханаларға түскен барлық қаржы, Алматы қаласы сот әкімшілігінің депозиттік есеп-шотына аудару міндеттелді. Ақпанның 22-күні Алматы қаласының Медеу аудандық соты осындай анықтама шығарды.

Аталған газет «БТА Банк» акционерлік қоғамына Медеу аудандық сотының шешімі бойыша моральдық шығын төлеу керек болатын. Сот шешімі орындалмағандықтан сот орындаушы, Медеу аудандық сотының шығарған шешімінің орындалу тәртібін өзгертуді сұрап шағымданған еді. Нәтижесінде сот осындай анықтама шығарды.

Алайда, Республика – деловое обозрение. Дубль 2» газетінің заңгері Сергей Уткин, бұл анықтаманың ақылға сыймайтыныдығын айтады, өйткен бүгінгі таңда газетті шығаруға тыйым салынған.

2009 жылы 9 қыркүйекте Медеу аудандық соты «Республика – деловое обозрение. Дубль 2» газетінің меншік иесі – «DPA» компаниясын, сондай-ақ баспагер және бас редактор Гүзел Байдалинованы БТА банкі төңірегіндегі жағдайға қатысты «Хрен редьки не слаще» мақаласындағы мәліметтерді шындыққа сай емес деп танып, 60 миллион теңге көлемінде банкке моралдық шығын өтеуге міндеттеді.

Сергей Уткиннің айтуынша, қазіргі күні газеттің меншік иесі, оқырмандардың, сондай-ақ газеттен түскен табыстың есебінен, БТА банкке 8 миллион теңге моралдық шығын төлеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG