Accessibility links

Аустралия қатаң виза тәртібі арқылы террормен күресін күшейтуде


Бүгін Аустралия терроризмге қарсы күрес жоспары бойынша лаңкестік қаупі жоғары деген елдердің адамдарына қатаң виза тәртібін орнатқан қаулысын шығарды.

Аустралия премьер-министрі Кевин Радд жариялаған ол жоспарға сәйкес, 10 елдің визаға тапсырыс берушілері саусақ ізі мен бет-әлпетін анық көрсететін суреттерді тапсыруы міндеттеледі.

Бұл жаңа тәртіп шараларына нақты қай елдер кіріп отырғаны айтылмады. Бірақ Сомали мен Йемен террорлық қаупі бар деген елдер ретінде аталды. Аустралия билігі саусақ көшірмесі мен бет-әлпет көрінісі туралы мәліметтерді жинауды осы жылы бастайды.
XS
SM
MD
LG