Accessibility links

Кабулдегі жарылысты «Талибан» мойнына алды деп хабарланды


Ауғанстан астанасының орталығындағы сауда үйіндегі жарылыстан кем дегенде 9 адам қаза болып, 18 кісі жараланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза болғандар арасында шетел азаматтары жоқ.

Ауған билігінің хабарлауынша, жанкешті ірі сауда орталығы мен қонақ үйге жақын маңда жарылғышты іске қосқан. Төтенше оқиғаның куәгерлері жарылыстан кейін бірнеше мәрте оқ атылғандығын айтады.

«Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид «Рейтер» агенттігіне телефон арқылы хабарласып, террактіні ұйым өз мойнына алатындығын мәлімдеді.

Кабулде соңғы мәрте террорлық шабуыл 18 қаңтарда тіркелген еді. Сол кезде жанкештілер мен содырлар үкімет мекемелерін нысанаға алған болатын.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG