Accessibility links

Жапония мен Қазақстан уранға қатысты келісімге қол қойды


Қазақстан мен Жапония атом энергиясын бейбіт пайдалану жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойған. Бұл туралы Жапонияның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Аталмыш келісім Жапонияға Қазақстаннан тұрақты түрде уран жеткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан әлемдегі уран шикізатының қоры бойынша екінші орында келеді.

2007 жылы басталған келіссөздер құжатқа қол қою арқылы аяқталып отыр. Бұл аралықта Токионың ұсынуымен Қазақстан ядролық терроризммен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылды деген жапониялық ақпарат көзі.
XS
SM
MD
LG