Accessibility links

Дубай полициясы Израиль премьер-министрін тұтқындауды талап етті


Дубай полициясының басшысы Дахи Халфан Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен израилдік Моссад барлау қызметінің басшысы Меир Даганды тұтқындау туралы ұсыныс түсірді.

Хабарларға қарағанда, Халфан Дубай полициясына палестиналық ХАМАС тобынының жетекшілерінің бірі Махмуд әл-Мабхухтың өлтірілуіне байланысты Нетаньяху мен Даганды тұтқындауға рұқсат беру туралы өтініш жасады.

Халфанның айтуынша, ол осы қаңтарда Дубайда тіркелген кісі өлтіру қылмысының артында изарилдік арнайы қызмет тұр дегенге «толықтай сенімді». Израиль билігі бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын растамады, жоққа да шығармады.
XS
SM
MD
LG