Accessibility links

Чилиде тағы да жер сілкінді


Чилиде жұмаға қараған түні магнитудасы 6 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Жер асты дүмпуінің ошағы Калама қаласының солтүстік-шығысындағы Анд тауларының астында 105 шақырым тереңдікте орналасқаны анықталды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл өткен сенбі күнгі ондаған адамның өмірін қиған зілзаладан туындаған жер сілкіністеріне жатпайды.

Чили президенті Мишель Бачелет табиғат апатының зардаптарын жоюға 3-4 жыл қажет деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG