Accessibility links

Шығыс Қазақстанда су тасқынынан 428 үй қирады


Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 30-дан астам елдімекен су астында қалып отыр. Су тасқыны салдарынан 428 үй мен 500-ге жуық ауылшаруашылық құрылымы және 19 қыстау қираған деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, облыс бойынша қауіпсіз жаққа көшірілген адамдардың саны 7 мыңнан асқан.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG