Accessibility links

Қызылорда облысындағы мектеп-интернаттың төбесі құлады


Сәрсенбі күні Қызылорда облысындағы Тасбөгет ауылында дарынды балаларға арналып салынып жатқан мектеп-интернаттың екінші қабатының темірбетон жабындары қирады. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«270 шаршы метр алаңдағы жабындының қирауына қатысты оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG