Accessibility links

British Airways қызметкерлерінің көтерілісі тағы жалғасуда


Бүгін Британияда British Airways әуе компаниясының экипаж мүшелері 4 күндік ереуілін қайта бастады. Олар жалақыны қалпына келтіруді талап етіп, адам санын қысқартуға наразылық танытуларын екінші мәрте жалғастырды.

Олардың бұл жолғы ереуілі Батыс Еуропадағы жұрт пасха мерекесіне қызу дайындалып жатқанда болып, компанияны келісімге келуге шақырып отыр.

Ұшақтардың кейінге қалдырылуынан миллиондаған доллар шығынға тап болған әуе компания сенбі күні бұл наразылық шараларына қарамастан жолаушылардың 75 пайызы жоспарланған уақытпен ұаша алады деді.

Әуе компания осыған дейін де өз жұмысын тоқтатпау үшін басқа компаниялардың қызметкерлерін жұмысқа тартып, 65 пайыздай жолаушыға қызмет көрсете алған.
XS
SM
MD
LG