Accessibility links

Иранның ресми өкілі Бейжіңге барады


Иранның ресми баспасөз құралдары хабарлағандай, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жауапты ресми өкілі елдің ядролық мәселесін Қытайдың жоғары лауазымды шенеунектерімен талқылау үшін 1 сәуір күні Бейжіңге барады.

Саид Джалилидің осы сапары қарсаңында «Үлкен сегіздікке» кіретін елдердің сыртқы істер министрлері Иранды уран шикізатын байытудан бас тартуға мәжбүр ету үшін оған деген қысымды күшейтуге шақырды.

Ресми Бейжің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің ішінен Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдау туралы АҚШ-тың ұсынысын қолдамай келеді.
XS
SM
MD
LG