Accessibility links

АҚШ ұйғырларды Қытайға бергені үшін Камбоджамен қатынасын үзді


АҚШ Камбоджаға әскери қару-жарақ беруін тоқтатты. Өйткені Вашингтон бұл мемлекет адам құқықтарын бұзды деп есептейді.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті бейсенбі күні Камбоджаға 200 әскери жүк көлігін беруді тоқтатқандығын хабарлады. Бұған камбоджалық биліктің БҰҰ-нан босқын мәртебесін сұраған 20 ұйғырды Қытайға беруі себеп болды. Олар өздерін Қытайда зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін екендіктерін айтты. АҚШ ұйғырларды қайтаруға қарсы шыққан еді.

Ұйғырларды экстрадициялаудан кейін бірнеше күннен соң Камбоджа Қытаймен бірқатар ірі коммерциялық келісімдерге отырды. Бейжің бұл екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар дегенді жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG