Accessibility links

Ресей мен Польша премьерлері Смоленскіде кездеседі


Сәрсенбі күні Ресей мен Польшаның премьер-министрлері Владимир Путин мен Дональд Туск Катынь тоғайындағы жаппай атылған поляк әскерилері мен саяси қуғын-сүргін саясатынан құрбан болған совет азаматтарына тағзым етуге арналған шараға қатысады.

Екі премьер репрессия құрбандарын жаппай жерлеген жерде - 2000 жылы мемориалдық «Катынь» кешені ашылған Смоленск түбінде кездеседі.

«Катынь қасыреті» Ресей мен Польшаның қарым-қатынасындағы даулы мәселе болып табылады. Ресейдің сот жүйесі осы іс бойынша тергеуді қайта жалғастырудан бас тартып келеді, ал ресми Варшава поляк офицерлерін жаппай қыруға қатысты құжаттардың құпиясын түгел ашуды талап етеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG