Accessibility links

Полиция: Кабулда жанкештілік шабуыл жасамақшы болған 5 кісі ұсталды


Ауған полициясы Кабулда жанкештілік жарылыстарды жүзеге асырмақшы болған 5 адамды қамауға алғанын хабарлады. Ауғанстан ұлттық полициясы дағдарыс бөлімінің қолбасшысының орынбасары Абдул Гафардың мәлімдеуінше, қауіпсіздік күштері бұл ең ірі жанкештілік топ туралы ақпараттарға қол жеткізген. Тұтқындалған 5 азаматты "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Хаккани" желісі Кабулға жіберген деді Гафар.

Оның айтуынша, полиция бомбалық шабуылдардың алдын-алу шараларын жақсартып келеді.
XS
SM
MD
LG